ТжКБ білім беру бағдарламаларына құжат қабылдау жалғасуда

ТжКБ білім беру бағдарламаларына құжат қабылдау жалғасуда

ТжКБ білім беру бағдарламаларына құжат қабылдау жалғасуда

«Астана медицина университеті» КеАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) бағдарламаларына 2026 жылғы 13 тамызға дейін құжат қабылдау жалғасатынын хабарлайды.

Білім беру бағдарламалары

1. 09130100 «Мейіргер ісі»

Біліктіліктері:

4S09130103 «Жалпы практика мейіргері» – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай;

5AB09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» – оқу мерзімі 3 жыл 6 ай.

2. 09130200 «Акушерлік іс»

Біліктілігі:

4S09130201 «Акушер» – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

3. 09880100 «Медициналық-профилактикалық іс»

Біліктілігі:

4S09880101 «Гигиенист-эпидемиолог» – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

4. 09160100 «Фармация»

Біліктілігі:

4S09160101 «Фармацевт» – оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар

Оқуға келесі білім деңгейіне ие тұлғалар қабылданады:

  • жалпы орта білім (11 сынып);
  • техникалық және кәсіптік білім;
  • орта білімнен кейінгі білім;
  • жоғары білім.

Қажетті құжаттар тізімі

Оқуға түсу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

1.    жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірмесі);

2.    білімі туралы құжат және оған қосымша (түпнұсқа және көшірмесі);

3.    №075/у нысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқа);

4.    №063/у нысанындағы медициналық анықтама (екпе картасының көшірмесі);

5.    3×4 көлеміндегі 6 фотосурет;

6.    психометриялық емтиханнан өткені туралы үзінді көшірме;

7.    тіркеу куәлігі (ер азаматтар үшін);

8.    әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);

9.    А4 форматындағы конверт;

10. қағаздан жасалған тігінді папка (скоросшиватель).

Құжат қабылдау мерзімі

Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 13 тамызға дейін жүргізіледі.

Оқуға түсу мәселелері бойынша «Астана медицина университеті» КеАҚ Қабылдау комиссиясына хабарласуыңызға болады.

Мекенжайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 47, 209-кабинет.

Жұмыс уақыты: сағат 09:00–18:00 (түскі үзіліс 13:00–14:00).

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика