10 тамызда атап өтілетін Абай күніне орай Астана медицина университетінде «Абай – ұлттың рухани темірқазығы» атты әдеби-танымдық кездесу өтті. Іс-шараны Мемлекеттік тілді дамыту, құжат айналымы және бақылау департаменті ұйымдастырды.
Кездесу барысында қатысушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына онлайн экскурсия жасады.
Іс-шараның мазмұнын Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы толықтырды. Байқау қорытындысы бойынша:
I орын - Жанна Нурберген, академик Е.Д.Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері;
II орын - Гүлбағдат Мұхаметшарипова, Адам ресурстарын дамыту департаментінің персоналды дамыту жөніндегі менеджері;
III орын - Илона Маликова, Ғылымды дамыту департаментінің бас маманы.
Сонымен қатар, қатысушылар арасында «Абай әлемі» викторинасы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.
Кештің ерекше атмосферасын №1 Музыка мектебінің педагогі Айнұр Қасымова мен оның шәкірттерінің домбырада орындаған музыкалық шығармалары айшықтай түсті.