Астана медицина университеті Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары арасында көш бастап, халықаралық SCImago Institutions Rankings (SIR) 2026 рейтингінде еліміздің барлық университеттері арасында 4-орынға ие болды.
https://www.scimagoir.com/institution.php?idp=70484
SCImago Institutions Rankings ұйымдардың ең алдымен ғылыми нәтижелілігін, инновациялық белсенділігін және қоғамға ықпалын бағалайды.
SIR 2026 рейтингіндегі Қазақстан университеттерінің көрсеткіштері
|
Университет |
Қазақстандағы орны |
Әлемдік орны |
|
Nazarbayev University |
1 |
4546 |
|
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті |
2 |
6735 |
|
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
3 |
6745 |
|
Астана медицина университеті |
4 |
7337 |
|
Қарағанды медицина университеті |
7 |
8208 |
|
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті |
8 |
8258 |
МУА-ның рейтингтегі мықты көрсеткіштері:
Инновациялық қызмет - 82-перцентиль;
Қоғамдық ықпал - 67-перцентиль;
Ғылыми нәтижелілік - 43-перцентиль.
SCImago Institutions Rankings жарияланым белсенділігін, ғылыми еңбектердің дәйексөзделу деңгейін, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, инновациялық және патенттік қызметті, сондай-ақ ұйымдардың қоғамдық ықпалын сипаттайтын көрсеткіштерді ескереді.
Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары арасында SIR 2026 рейтингіндегі көшбасшылық МУА-ның ғылыми және инновациялық әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетіп, университеттің халықаралық ғылыми-зерттеу кеңістігіндегі позициясын одан әрі нығайтады.
SCImago Institutions Rankings (SIR) - университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарын бағалайтын халықаралық рейтинг. Ол негізінен Scopus библиометриялық деректеріне және халықаралық патенттік базаларға сүйенеді. Рейтингтің қорытынды моделінде Research (ғылыми зерттеулер) - 50%, Innovation (инновациялар) - 30%, Societal (қоғамдық ықпал) - 20% үлесті құрайды.