Биыл мемлекеттік білім беру гранттары 44 білім беру бағдарламасы бойынша бөлінді.
Ең көп грант бөлінген білім беру бағдарламалары:
Жалпы хирургия - 27 грант
Акушерия және гинекология - 26 грант
Педиатрия - 19 грант
Терапия - 16 грант
Анестезиология және реаниматология - 15 грант
Неврология - 12 грант
Ең жоғары өту балдары:
Ересектер және балалар оториноларингологиясы - 94,00
Ересектер және балалар гастроэнтерологиясы - 93,50
Радиология - 93,25
Ересектер және балалар эндокринологиясы - 93,20
Ересектер және балалар ревматологиясы - 92,38
Ересектер және балалар офтальмологиясы - 92,25
Байқаудан сәтті өтіп, Медициналық университет Астана резидентурасында кәсіби білімін жалғастыру мүмкіндігіне ие болған барша талапкерді құттықтаймыз! Сіздерге кәсіби жолдарыңызда сәттілік, жаңа білім мен тәжірибе, ғылыми және практикалық жетістіктер тілейміз!
Естеріңізге саламыз: құжаттарды қабылдау жалғасуда. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) гранттарына конкурс өткізіліп жатыр. Сонымен қатар ақылы негізде білім алу мүмкіндігі де қарастырылған.
Қабылдау науқанына қатысты ақпаратты АстМУ-ның ресми ақпараттық ресурстарынан қадағалап отырыңыздар.