Резидентура бағдарламалары бойынша гранттарды бөлу нәтижелері

Резидентура бағдарламалары бойынша гранттарды бөлу нәтижелері

Резидентура бағдарламалары бойынша гранттарды бөлу нәтижелері

«Астана медицина университеті» КЕАҚ резидентура бағдарламалары бойынша республикалық бюджет және жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен бөлінген гранттарды бөлу нәтижелері

2026 жылғы 21 тамыздағы жағдай бойынша


Қаржыландыру көзі

 

Мамандықтар саны

 

Барлығы орын

 

Грант тағайындалды

 

Орташа конкурстық балл

 

РБ

44

332

313

91,14

ЖАО

27

94

91

89,58


 

1. Республикалық бюджет есебінен мемлекеттік білім беру гранттары

Гранттарды бөлу 44 мамандықты қамтиды. Барлығы 332 орын қарастырылған, оның ішінде 2026 жылғы 21 тамыздағы жағдай бойынша 313 үміткерге грант тағайындалды.

Грант иегерлерінің орташа конкурстық балы 91,14 балды құрады.

Мамандықтар бойынша гранттан бас тартылған орындар:

Ересектер мен балалардағы инфекциялық аурулар — 2;

Жалпы хирургия — 2;

Неонатология — 2;

Терапия — 2;

Ересектер мен балалардағы гастроэнтерология — 1;

Балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы — 1;

Ересектер мен балалардағы акушерия және гинекология — 1;

Клиникалық зертханалық диагностика — 1;

Ересектер мен балалардағы кардиология — 1;

Балалардағы инфекциялық аурулар — 1;

Радиациялық онкология — 1;

Патологиялық анатомия — 1;

Отбасылық медицина — 1;

Сот-медициналық сараптама — 1;

Балалар травматологиясы-ортопедиясы — 1.

2. Жергілікті атқарушы органдардың гранттары

Гранттарды бөлу 27 мамандықты қамтиды. Барлығы 94 орын қарастырылған, оның ішінде 91 үміткерге грант тағайындалды. 3 гранттан бас тарту жағдайы тіркелді.

Грант иегерлерінің орташа конкурстық балы 89,58 балды құрады.

Мамандықтар бойынша гранттан бас тартылған орындар:

Клиникалық фармакология — 1;

Жалпы хирургия — 1;

Ересектер онкологиясы — 1.

Қорытынды

Екі қаржыландыру көзі бойынша барлығы 426 орын бөлінді. 404 үміткерге грант тағайындалды.

Гранттан бас тартылған орындардың жалпы саны — 22, оның ішінде:

19 орын — республикалық бюджет есебінен берілетін гранттар бойынша;

3 орын — жергілікті атқарушы органдардың гранттары бойынша.

Екі қаржыландыру көзі бойынша грант иегерлерінің орташа конкурстық балы 90,79 балды құрады.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика