Академиялық ұтқырлық аясында Түркияда клиникалық тәжірибеден өтті

Академиялық ұтқырлық аясында Түркияда клиникалық тәжірибеден өтті

Академиялық ұтқырлық аясында Түркияда клиникалық тәжірибеден өтті

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Астана медицина университеті Медицина мектебінің 5-курс білім алушылары Қуандық Жанел мен Бауыржанқызы Назгүл Түркия Республикасының Эрзурум қаласында орналасқан Ататүрік университетінде клиникалық тәжірибеден өтіп қайтты.

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи медицинаның жетістіктерімен танысуға және шетелдік әріптестердің тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік береді. Түркияда өткен клиникалық тәжірибе барысында студенттер медициналық білім беру мен денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, клиникалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.

Ататүрік университетінде білім алушылар клиникалық ортада тәжірибе жинақтап, теориялық білімдерін практикада ұштастырды. Сонымен қатар, халықаралық ортада жұмыс істеу арқылы кәсіби қарым-қатынас, командалық жұмыс және жаңа медициналық тәсілдерді меңгеру бағытында құнды тәжірибе жинады.

Қуандық Жанел мен Бауыржанқызы Назгүлдің Түркиядағы тәжірибесі – отандық медициналық білім берудің халықаралық кеңістікпен ықпалдастығының маңызды бір көрінісі. Мұндай бағдарламалар студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, олардың болашақ дәрігер ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал етеді.

Академиялық ұтқырлық аясындағы халықаралық тәжірибе білім алушыларға жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, әлемдік медициналық білім беру стандарттарымен танысуға жол ашады. Бұл өз кезегінде білікті, бәсекеге қабілетті және заманауи медицинаның талаптарына жауап бере алатын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика