«Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамын, магистранттар мен докторанттарды биология ғылымдары саласының профессоры Prof. Dr. Amin Tamadon жетекшілік ететін «Visiting Professor» бағдарламасы аясындағы қарқынды воркшопқа қатысуға шақырады.
Воркшоп ғылыми мәтін жазу дағдыларын дамытуға және қатысушыларды халықаралық рейтингі жоғары журналдарда мақала жариялауға даярлауға бағытталған. Сабақ барысында қатысушылар академиялық жазудың, ғылыми әдебиеттерді іздеу мен талдаудың негізгі қағидаларын, сондай-ақ сипаттамалық шолу (narrative review) дайындау негіздерін меңгереді.
Тақырыбы: Тереңдетілген мета-талдау және umbrella review
Форматы: қарқынды воркшоп
Өткізілетін күндері: 2026 жылғы 21–25 қыркүйек
Уақыты: 13:30–18:30
Оқыту тілі: ағылшын тілі
Мақсатты аудитория: ғылыми мақала жазу дағдыларын дамытуға және жарияланымдық белсенділігін арттыруға мүдделі «Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары.
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а, 401-кабинет
WhatsApp тобына келесі сілтеме арқылы қосылуға болады:
https://chat.whatsapp.com/JTJJONXUoAMFgHIysv4qYZ?s=cl&p=i&mlu=4
1-күн — 21 қыркүйек
1-сессия: Тереңдетілген мета-талдау
- Кіші топтық талдау (subgroup analysis)
- Сезімталдықты талдау (sensitivity analysis)
- Мета-регрессия
2-күн — 22 қыркүйек
2-сессия: Жарияланымдық ауытқу
- Воронка тәрізді график (funnel plot)
- Эггер тесті
- Trim-and-fill әдісі
3-күн — 23 қыркүйек
3-сессия: Мета-талдау мақаласын жазу
- PRISMA диаграммасы
- Q1 деңгейіндегі журнал талаптарына сәйкес «Нәтижелер» бөлімін жазу
4-күн — 24 қыркүйек
4-сессия: Umbrella review әдіснамасы
- Жүйелі шолудан (systematic review) айырмашылықтары
- Қабаттасуды CCA әдісімен талдау
- AMSTAR 2 әдісі бойынша бағалау
5-күн — 25 қыркүйек
5-сессия: Umbrella review жазу
- Дәлелдердің сенімділігін бағалау
- Қорытынды кестелер
- Тапсырма
Қатысу үшін 2026 жылғы 13 қыркүйекке дейін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет:
https://forms.gle/UVnyUK388FxEWTQy7