Құрметті әріптестер! Қадірлі оқытушылар, қызметкерлер және Астана медицина университетінің білім алушылары!
Сіздерді шын жүректен Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
1 қыркүйек – бұл жай ғана жаңа оқу жылының басталуы емес. Бұл – жаңа кезеңнің, жаңа мақсаттар мен мүмкіндіктердің, жаңа жетістіктердің бастауы. Біздің Университет үшін бұл күннің маңызы ерекше. Өйткені дәл осы жерде отандық медицинаның болашағы қалыптасып келеді.
Оқытушыларымыз бен қызметкерлерімізге айрықша алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз, сабырлылықтарыңыз бен өз ісіңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында Университет дамып, білім алушыларымыз тек білім алып қана қоймай, дәрігер мамандығының жоғары миссиясын түсінуге, адамға жанашырлық танытуға, дұрыс шешім қабылдауға және адам өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік алуға үйренуде.
Бүгінде алдымызда ауқымды әрі амбициялық міндеттер тұр. Оларды бірлесе отырып, бір команда болып жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін. Өйткені Университет – бұл әрдайым алға ұмтылу, үздіксіз даму және болашақты бірге қалыптастыру. Ал біздің болашағымыз – мықты медицина мен дені сау ұрпақ!
Жаңа оқу жылы баршамызға жаңа идеялар, жарқын жобалар, кәсіби жеңістер мен ортақ еңбегіміздің нәтижесіне мақтануға себеп болатын көптеген жетістіктер әкелсін!
Баршаңызға зор денсаулық, күш-қуат, шабыт, толағай табыс және өз күшіңізге деген сенім тілеймін!
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Бұл оқу жылы әрқайсымыз үшін жаңа мүмкіндіктердің, биік жетістіктердің және үлкен жеңістердің жылы болсын!
Астана медицина университетінің ректоры Анар Тұрмұхамбетова