Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебі академик Е.Д. Дәленов атындағы атаулы стипендияны тағайындау бойынша конкурс қорытындысын қуана хабарлайды.
Конкурстық іріктеу нәтижелері және білім алушылардың GPA көрсеткіші бойынша рейтингтік ранжирленуі негізінде академик Е.Д.Дәленов атындағы атаулы стипендия «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушыларына:
Муханжаров Алдияр Аблаевичке;
Жандарбек Нұрайлым Қасымқызына
тағайындалды.
Атаулы стипендияның тағайындалуы – білім алушылардың жоғары академиялық жетістіктерінің, білім алуға деген жауапкершілігі мен кәсіби дамуға ұмтылысының лайықты бағасы.
Сонымен қатар, білім алушы жастарды қолдауға бағытталған қайырымдылық бастама аясында көрсеткен қолдауы мен үлесі үшін Siberian Wellness ұйымына алғысымызды білдіреміз.
Стипендия иегерлерін лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, оларға оқуында, ғылыми және қоғамдық қызметінде толағай табыстар, жаңа белестер мен кәсіби жолында жарқын жетістіктер тілейміз!