Астана медицина университетінде Поэзия күні және мәнерлеп оқу байқауы өтеді

Астана медицина университетінде Поэзия күні және мәнерлеп оқу байқауы өтеді

Астана медицина университетінде Поэзия күні және мәнерлеп оқу байқауы өтеді

Астана медицина университетінде академик Е.Д.Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Поэзия күні және мәнерлеп оқу байқауы өтеді.

Іс-шара академик Ерболат Дербісалиевич Даленовтың 80 жылдығына арналған «Профилактикалық медицина – сапалы әрі салауатты ұзақ өмір сүрудің векторы: Конференция 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында ұйымдастырылады.

Байқауға поэзияны, көркем сөзді және сахналық шығармашылықты сүйетін университеттің қызметкерлері мен студенттері шақырылады. Байқау қатысушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін, орындаушылық шеберлігін және әдебиетке деген сүйіспеншілігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар барша ниет білдірушілерді шығармашылық шараға қатысып, қатысушылар мен қонақтарға жарқын эмоциялар мен есте қаларлық әсер сыйлауға шақырады.

Күні: 2026 жылғы 10 қыркүйек

Өтетін орны: «Астана медицина университеті» КЕАҚ

Мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49А

Байқауға қатысу үшін WhatsApp арқылы алдын ала тіркелу қажет:

Жанна Нұрбергенқызы, 8 775 492 00 36


Поэзия сөзінің құдіреті баршамызды біріктірсін!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика