Астана медицина университетінің білім алушысы «Шапағат» медалімен марапатталды

Астана медицина университетінің білім алушысы «Шапағат» медалімен марапатталды

Астана медицина университетінің білім алушысы «Шапағат» медалімен марапатталды

Астана медицина университетінің «Медицина» мектебінің 5-курс білім алушысы Дінмұхаммед Уразбаев білім беруді дамытуға қосқан үлесі және биология пәні бойынша Қазақстан құрамасының халықаралық аренадағы жоғары жетістіктері үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.

Мемлекеттік награданы Дінмұхаммед Серікұлына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова табыстады. «Шапағат» медалі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен берілді.

Дінмұхаммед Уразбаев 2020 жылдан бері оқушыларды биология пәнінен олимпиадаларға дайындап келеді. Осы уақыт ішінде оның шәкірттері республикалық және халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанып, алтын, күміс және қола медальдарға ие болды.

Дінмұхаммед Уразбаев - биология пәні бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы, қазылар алқасының төрағасы, олимпиадалық тапсырмаларды құрастырушы және халықаралық олимпиадалардың ұлттық үйлестірушісі.

2026 жыл Қазақстан құрамасы үшін ерекше табысты болды. Сириус аумағында (Сочи қаласы) өткен OIBO халықаралық олимпиадасында Дінмұхаммедтің шәкірттері 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Ал Вильнюс қаласында өткен IBO-2026 халықаралық биология олимпиадасында Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізіп, 3 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Бұл мемлекеттік награда - Дінмұхаммед Серікұлының дарынды оқушылармен атқарып жүрген нәтижелі еңбегі мен Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан елеулі үлесінің жоғары бағалануы.

Астана медицина университеті Дінмұхаммед Серікұлын жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтап, жаңа жеңістер, ғылыми жетістіктер және табысты жобалар тілейді!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика