Әртүрлі медициналық тәсілдер өзара қалай ықпалдаса алады және бұл үдерісте адам мен оның денсаулығы әрдайым басты назарда болуы үшін не қажет? Бүгінде өзектілігі артып келе жатқан бұл мәселе 4 қыркүйек күні Астанада өткен «Остеопатияның дәстүрлі медицинамен пәнаралық өзара іс-қимылының заманауи аспектілері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның негізгі тақырыптарының біріне айналды.
Конференцияға ғылыми және медициналық қауымдастық өкілдері, медицина жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім алушылары, дәстүрлі медицина және остеопатия саласының мамандары, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын пәнаралық тәсілді қолдану мүмкіндіктері, практикалық әдістемелерді ғылыми тұрғыдан зерделеу және оларды денсаулық сақтау жүйесінде одан әрі дамыту перспективалары жөніндегі кәсіби пікір алмасу тудырды.
Халықаралық сарапшылардың қатысуы конференцияның маңызын арттыра түсті. Шақырылған сарапшылардың бірі – Франциядағы Остеопатия орталығының директоры Пьер Вей (Pierre Vey).
Медицина ғылымдарының кандидаты, остеопатия докторы, В.Л.Андрианов атындағы Остеопатиялық медицина институтының Орталық Азия факультетінің жетекшісі Разуал Манжугетованың, сондай-ақ профессорлар Ирина Егорова мен Андрей Червотоктың баяндамалары мазмұндылығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.
Кездесу барысында қатысушылар ғылыми-практикалық өзара іс-қимылды дамыту тетіктерінің бірі ретінде бірлескен меморандумды іске асыру мүмкіндіктерін де талқылады.
Конференцияны Астана медицина университетінің академик Е.Д.Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты, В.Л.Андрианов атындағы Остеопатиялық медицина институтының Орталық Азия факультеті және «Қазақстан остеопаттары альянсы» РҚБ ұйымдастырды.
Ғылым түрлі тәсілдерді тоғыстырады, ал кәсіби диалог медицинаны дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.