Астана медициналық университетінің резиденттері мен студенттері Гуанчжоуда клиникалық тағылымдамадан өтті

Астана медициналық университетінің резиденттері мен студенттері Гуанчжоуда клиникалық тағылымдамадан өтті

Астана медициналық университетінің резиденттері мен студенттері Гуанчжоуда клиникалық тағылымдамадан өтті

2026 жылғы 15–29 тамыз аралығында Астана медициналық университетінің резиденттері мен студенттері Гуанчжоу медициналық университетінің Екінші дочерлік ауруханасында клиникалық тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында резиденттер мен студенттер хирургиялық емдеудің толық циклі – науқастарды іріктеу және отаға дайындау, операциялық кезең, отадан кейінгі емдеу және оңалту процестерімен танысты. Олар гепатобилиарлы, маммологиялық, тамырлық, гастроинтестинальды хирургия, ортопедия, урология және нейрохирургия бөлімшелерінде жұмыс істеді. Операцияларға тікелей қатысып, хирургиялық бригадалардың жұмысын бақылап, клиникалық жағдайларды талқылауға қатысты.

Сонымен қатар, аурухана құрылымымен танысты: амбулаторлы-емханалық бөлім (Outpatient Department), стационар (Inpatient Department), операциялық блок, реанимация және оңалту бөлімшелері. Заманауи эндоскопиялық және лапароскопиялық жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесі жинақталды.

Тағылымдаманың соңғы күні резиденттер мен студенттерге сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Бұл шара екі ел арасындағы медициналық ынтымақтастықты нығайтуға және болашақ хирург-дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыруға зор үлес қосты.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика