ҚҰРМЕТТІ «МЕДИЦИНА» ББ 4-КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ!
2026–2027 оқу жылына арналған академиялық мобильділік бағдарламасы аясында «Медицина» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушылары арасында 2027 жылдың көктемгі семестрінде өндірістік практикадан өту үшін келесі шетелдік жоғары оқу орнына конкурс жарияланады:
1. University of Ostrava, Faculty of Medicine (Острава қ., Чех Республикасы) – 4 орын
Практикадан өту мерзімі: 1 ай (2027 жылғы наурыз айының соңы – сәуір айының ортасы)
Практикадан өтудің нақты мерзімі қосымша хабарланады.
Қаржыландыру:
Екі бағыттағы әуе билеті – Университет қаражаты есебінен 170 АЕК-ке дейін;
Оқу – тегін;
Тұру, тамақтану және визалық алымдар – білім алушылардың өз қаражаты есебінен.
ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУДЫҢ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ: 25.09.2026
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. академиялық берешектің болмауы;
2. тәртіптік жазалардың болмауы;
3. GPA – 3,2-ден төмен емес (қайта қатысушылар үшін – 3,6-дан төмен емес);
4. халықаралық және республикалық олимпиадаларда/конференцияларда жетістіктерінің болуы (басымдық беріледі);
5. B2 деңгейінен төмен емес шет тілін меңгеру (қолданыстағы IELTS 6.5 сертификаты немесе білім беру ұйымы/тіл курстары берген B2 деңгейін растайтын сертификат).
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
1. Конкурсқа қатысуға арналған өтініш, Медицина мектебінің деканы Смагулова Алия Курманбековна қол қойған (өтініш нысаны төменде қоса беріледі);
2. CV / Түйіндеме, фотосуретімен;
3. Motivation Letter / Мотивациялық хат, білім алушының қолымен;
4. Recommendation Letter / Ұсыным хат, оқытушының қолымен;
5. 3×4 көлеміндегі фотосурет – 2 дана;
6. Паспорттың көшірмесі (жеке мәліметтер көрсетілген беті);
7. Оқудың барлық кезеңіндегі транскрипттің көшірмесі;
8. IELTS сертификаты – кемінде 6.5 балл немесе білім беру ұйымы/тіл курстары берген B2 деңгейін растайтын сертификат;
9. Республикалық және/немесе халықаралық олимпиадаларда, конкурстарда, жарыстарда және медицина мамандықтары бойынша басқа да іс-шараларда жүлделі орындарды (1, 2 немесе 3 орын) растайтын дипломдар, грамоталар және сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда).
*БАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҰСЫНЫЛУЫ ТИІС.
* КОНКУРСҚА ТЕК ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ ҚАТЫСА АЛАДЫ.
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде қабылданады.
Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49А, бас корпус, 405-кабинет.
Кеңес беру және құжаттарды қабылдау: 16:00–17:00.
Телефон: +7 (7172) 53-94-72
ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУДЫҢ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ: 2026 ЖЫЛҒЫ 25 ҚЫРКҮЙЕК.
Конкурстың өткізілу күні: қосымша хабарланады.
Өтінішке қол қою үшін: Смагулова А.К. - Бейбітшілік көшесі, 49А, 2-қабат, 212-кабинет.