«Астана медицина университеті» КеАҚ Инфрақұрылым және пайдалану департаментіне келесі лауазымдар бойынша білікті мамандар іздейді:
- Инженер-құрылысшы;
- Инженер-энергетик;
- Жұмысшы-құрылысшы;
- Қосалқы жұмысшы.
1. Инженер-құрылысшысы
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) жобалау жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
2) жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес жұмыс көлемін есептеу;
3) құрылыс жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік жоспарын және наряд-тапсырмаларды әзірлеу;
4) жобалық құжаттаманы тексеру, ескертулер қалыптастыру және орындалған жұмыстардың есебін жүргізу;
5) құрылыс мәселелері бойынша техникалық шешімдер қабылдауға қатысу;
6) құрылыс объектілерін тапсыру, қабылдау және пайдалануға беру жұмыстарын жүргізу;
7) сметалық құжаттама мен есептік-түсіндірме жазбаларды әзірлеу;
8) мерзімдердің бұзылуы мен құрылыс-монтаж жұмыстары сапасының нашарлау себептерін зерделеу, олардың алдын алу және жою шараларын қабылдау;
9) мердігер ұйымдармен даулы мәселелерді қарауға арналған материалдарды дайындау;
10) Университет ғимараттары мен үй-жайларының жай-күйіне уақтылы талдау жүргізу;
11) объектілерді белгіленген мерзімде пайдалануға беру жөніндегі өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету;
12) объектілер құрылысына арналған техникалық құжаттаманың алынуын қамтамасыз ету;
13) құрылыс машиналарына, көлікке, механикаландыру құралдарына, материалдарға, конструкцияларға, бөлшектер мен құрал-саймандарға өтінімдер әзірлеу, сондай-ақ олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
14) құрылыс-монтаж және іске қосу-баптау жұмыстарының көлемі бойынша өндірістік тапсырмаларды белгілеу және олардың орындалуын бақылау;
15) орындалған жұмыстар актілерін және өзге де ілеспе құжаттарды келісу;
16) шарттарда көзделген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылау;
17) орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) техникалық ерекшеліктерге сәйкестігін тексеру, көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) актілерін келісу.
Біліктілік талаптары:
Құрылыс инженері мамандығы бойынша жоғары техникалық білім.
Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Шарттар:
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
Жұмыс кестесі 5/2, сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін;
Мерекелік күндерге сыйақы;
Сауықтыру жәрдемақысын төлеу.
Түйіндемеңізді мына электрондық поштаға жібере аласыз: akatay.zh@amu.kz
Анықтама телефоны: 87755890747
2. Инженер-энергетик
Негізгі лауазымдық міндеттері:
1. энергетикалық жабдық пен желілердің үздіксіз жұмысын, пайдаланылуын, жөнделуін және жаңғыртылуын қамтамасыз ету;
2. энергетикалық шаруашылықты пайдалануға қажетті жабдықтарды, материалдарды және қосалқы бөлшектерді сатып алуға өтінімдер әзірлеу;
3. энергия тұтыну және энергетикалық ресурстарды үнемдеу бойынша есептеулер жүргізу;
4. кәсіпорын бөлімшелерінің энергияға қажеттілігін ескере отырып, энергия шығыны нормалары мен олардың жұмыс режимін әзірлеуге қатысу, отын мен энергияның барлық түрлерінің шығыс нормаларының сақталуын бақылау;
5. релелік қорғаныс және автоматика құралдарын тексеру мен сынауды ұйымдастыру;
6. жабдықтың тозу себептерін анықтау, олардың алдын алу және жою шараларын қабылдау;
7. энергетикалық қондырғылар мен желілерді сынауға және пайдалануға қабылдауға қатысу;
8. энергетикалық жабдық апаттарының себептерін қарауға қатысу және олардың алдын алу әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
9. энергетикалық жабдықтың техникалық шарттарының стандарттарын әзірлеуге және енгізуге қатысу;
10. электриктердің жұмысын үйлестіру;
11. электр желілерін монтаждау сызбаларын әзірлеу.
Біліктілік талаптары:
1. жоғары кәсіптік (техникалық) білім, инженерлік-техникалық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
2. орта кәсіптік (техникалық) білім, инженерлік-техникалық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Тілдерді білуі: қазақ және орыс тілдері.
Шарттар:
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
Жұмыс кестесі 5/2, сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін;
Мерекелік күндерге сыйақы;
Сауықтыру жәрдемақысын төлеу.
Түйіндемеңізді мына электрондық поштаға жібере аласыз: akatay.zh@amu.kz
Анықтама телефоны: 87755890747
3. Жұмысшы-құрылысшы
Негізгі лауазымдық міндеттері:
1) әртүрлі құрылыс құралдарымен жұмыс істей білу, қол және электр құралдарын пайдалану;
2) құрылыс және сәулет жоспарларын түсіну және сақтау;
3) материалдар мен алаңдарды өлшеуге қажетті есептеулерді орындау;
4) қажет болған жағдайда жөндеу, ауыстыру, сырлау және әктеу жұмыстарын орындау;
5) қосалқы үй-жайларда, өндірістік учаскелерде, кеңселерде, қоймаларда және тұрғын үй-жайларда жөндеу жұмыстарына қатысу;
6) Университет объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарына қатысу;
7) құрылыс объектілерінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, әртүрлі құрылыс операцияларын орындауға көмек көрсету;
8) қоршаулар мен қауіпсіздік белгілерін орнату, құрылыс алаңындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
9) құрылыс материалдарының жұмсалуын бақылау және шығындарды барынша азайту;
10) конструкциялардың дәлдігін қамтамасыз ету үшін өлшеу құралдарын пайдалану.
Біліктілік талаптары:
- жалпы орта немесе арнаулы орта білім;
- кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Шарттар:
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
Жұмыс кестесі 5/2, сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін;
Мерекелік күндерге сыйақы;
Сауықтыру жәрдемақысын төлеу.
Түйіндемеңізді мына электрондық поштаға жібере аласыз: akatay.zh@amu.kz
Анықтама телефоны: 87755890747
4. Қосалқы жұмысшы
Негізгі лауазымдық міндеттері:
1) Университеттің ғимараттары мен құрылыстарында, қоймаларында және іргелес аумақта қосалқы және көмекші жұмыстарды орындау;
2) есепке алынған жүктерді, жәшіктерді, бөшкелерді, картонды, құрылыс материалдарын және тауарлық-материалдық құндылықтарды (қатты мүкәммал, оқушы жиһазы, жұмсақ мүкәммал, шаруашылық мүкәммал) тиеу, түсіру, қолмен немесе арбамен тасымалдау;
3) өндірістік учаскелерде, құрылыс алаңдарында және қоймаларда қосалқы әрі көмекші жұмыстарды орындау;
4) қоймаларды, құрылыс алаңдарын және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды тазалау;
5) Департамент директоры орынбасарының жекелеген тапсырмаларын уақтылы орындау.
Біліктілік талаптары:
Жалпы орта немесе арнаулы орта білім.
Шарттар:
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
Жұмыс кестесі 5/2, сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін;
Мерекелік күндерге сыйақы;
Сауықтыру жәрдемақысын төлеу.
Түйіндемеңізді мына электрондық поштаға жібере аласыз: akatay.zh@amu.kz
Анықтама телефоны: 87755890747.