2026 жылғы 16 қыркүйекте университетте «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына арналған студенттердің «Кітап оқитын ұлт» жобасының Астана қаласы бойынша өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі Буранбаев Жақсыбай Ералиевичпен кездесуі өтті. Іс-шараны академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Досанова Асем Калеловна ашып берді.
Кездесу барысында студенттерге марафонның мақсаттары мен негізгі бағыттары, оған қатысу мүмкіндіктері және жобаның ресми сайтында тіркелу тәртібі таныстырылды. Кітап оқудың жастардың дүниетанымын кеңейтудегі, сыни ойлау қабілетін дамытудағы және зияткерлік әлеуетін арттырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қазіргі қоғамдағы кітаптың маңызын талқылады және оқу мәдениетіне қатысты өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара аясында «Кітап оқитын ұлт» мобильді кітап көрмесінің ашылуы ұйымдастырылды. Көрмеге «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын зияткер» бағыттары бойынша көркем және ғылыми-танымдық кітаптар қойылып, студенттерге өз қызығушылықтарына сәйкес әдебиеттермен танысуға мүмкіндік берілді.
«Кітап оқитын ұлт» — адамдарды кітап пен оқу мәдениеті төңірегіне біріктіретін қозғалыс. Кітап жастардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып, жаңа білімге, тың идеялар мен мүмкіндіктерге жол ашсын!