Астана медицина университетінде күзгі сенбілік өтті

Астана медицина университетінде күзгі сенбілік өтті

Астана медицина университетінде күзгі сенбілік өтті

19 қыркүйекте Астана медицина университетінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында күзгі сенбілік өтті.

Таңертең университет басшылығы, оқытушылар, білім алушылар мен қызметкерлер Бейбітшілік, Сарыарқа, Абай және Жеңіс көшелеріндегі барлық оқу ғимараттарының аумағын тазалауға шықты. Қатысушылар қураған жапырақтарды жинап, аумақтарды қоқыстан тазалап, жолдарды сыпырды.

«Таза Қазақстан» акциясы еліміз бойынша өткізіліп, қоғамдық орындардың тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бірлескен еңбек - әр адамның ел тазалығы мен тәртібіне қосқан нақты үлесі.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика