«Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамын, магистранттар мен докторанттарды «Visiting Professor» бағдарламасы аясында биология ғылымдары саласындағы профессор Prof. Dr. Amin Tamadon жетекшілігімен өтетін интенсивті воркшопқа қатысуға шақырады.
Воркшоп ғылыми жазылым дағдыларын дамытуға және қатысушыларды халықаралық рейтингтік журналдарда мақала жариялауға дайындауға бағытталған. Сабақ барысында қатысушылар академиялық жазылымның, ғылыми әдебиеттерді іздеу мен талдаудың, сондай-ақ сипаттамалық шолу (narrative review) дайындаудың негізгі қағидаттарын меңгереді.
Тақырыбы: Библиометриялық талдау
Форматы: интенсив
Күні: 2026 жылғы 12-16 қазан
Уақыты: 13:30–18:30
Оқыту тілі: ағылшын тілі
Мақсатты аудитория: ғылыми жазылым дағдыларын дамытуға және жарияланым белсенділігін арттыруға мүдделі «Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары.
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а, 401-кабинет.
WhatsApp тобына келесі сілтеме арқылы қосылуға болады: https://chat.whatsapp.com/JTJJONXUoAMFgHIysv4qYZ
Воркшоптың бес күндік бағдарламасы
1-күн (21.09) — 1-сессия: Библиометрияға кіріспе
· Дәйексөзделу көрсеткіштері, h-индекс, бірлескен авторлық
· Дерекқорлар: Scopus, Web of Science (WoS)
2-күн (22.09) — 2-сессия: Деректерді жинау және тазалау
· Деректерді экспорттау форматтары
· Excel және R бағдарламаларында деректерді тазалау
3-күн (23.09) — 3-сессия: R ортасындағы Bibliometrix
· Сипаттамалық талдау
· Жарияланымдар динамикасы
· Жарияланым белсенділігі ең жоғары авторлар
4-күн (24.09) — 4-сессия: Желілік талдау
· Бірлескен авторлық желілері
· Түйінді сөздерді талдау
· Тақырыптық карталар
5-күн (25.09) — 5-сессия: Визуализация және ғылыми мақала жазу
· VOSviewer
· Ғылыми мақала дайындау
· Тапсырма
Қатысу үшін 2026 жылғы 4 қазанға дейін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdMjzBRcDdk6hWScft3rltrLbckdnR5r7aS1yTiwg5xAf1HVQ/viewform