«Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды № 3 ішкі аурулар кафедрасы «Visiting Professor» бағдарламасы аясында ұйымдастыратын дәрістер мен шеберлік сабақтары цикліне қатысуға шақырады.
Елена Львовна Амелина — муковисцидоз және тыныс алу ағзаларының басқа да орфандық аурулары саласындағы халықаралық деңгейде танылған сарапшы. Оның ғылыми және практикалық қызметте мол тәжірибесі бар, сондай-ақ Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін көптеген ғылыми жарияланымдардың авторы.
Іс-шаралар барысында қатысушылар муковисцидозды диагностикалаудың заманауи тәсілдерімен, CFTR-модуляторларын қолдану әдістерімен және жекелендірілген емдеу схемаларын таңдау қағидаттарымен танысады.
Тақырыбы: «CFTR-модуляторлары дәуіріндегі муковисцидоз: диагностика және жекелендірілген емдеу схемалары»
Форматы: дәрістер мен шеберлік сабақтары циклі
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 19–23 қазан
Оқыту тілі: орыс тілі
Мақсатты аудитория: «Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары
Қатысу үшін 2026 жылғы 11 қазанға дейін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://forms.gle/uNPjMQQtnkteJMrY8
WhatsApp тобы: https://chat.whatsapp.com/G1JWbmyMgRPI4dka6DOfX2
Өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат қосымша хабарланады.