Мейіргерлердің жаңа буынына арналған Финляндия тәжірибесі: АМУ-да мейіргерлік білім беруді дамыту мәселелері талқыланды
Мейіргерлердің жаңа буынына арналған Финляндия тәжірибесі: АМУ-да мейіргерлік білім беруді дамыту мәселелері талқыланды
Сапардың негізгі тақырыбы білім берудің барлық деңгейлерінде мейіргер ісін дамытуға арналды. АМУ-да Эвелиина Лагстрём Мейіргер ісі кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен және Мейіргер ісі мектебінің өкілдерімен кездесті.
Талқылаулардың өзегінде мамандықтың болашағына тікелей қатысты мәселелер болды: қазіргі заманғы мейіргер маманына қойылатын талаптар қалай өзгеріп келеді, қандай құзыреттер негізгі мәнге ие болуда және халықаралық тәжірибені Қазақстандағы білім беру үдерісіне қалай бейімдеуге болады.
Оқу бағдарламаларына, кадр даярлаудың заманауи тәсілдеріне және мейіргерлік күтім саласындағы өзекті сын-қатерлерге ерекше назар аударылды. Бұл саладағы Финляндия тәжірибесі жай ғана таныстырылым емес, кәсіби диалогтың тақырыбына айналды: қатысушылар оны АМУ-дың білім беру тәжірибесіне ықпалдастырудың ықтимал бағыттарын талқылады.
Бағдарламаның маңызды бөлігінің бірі - АМУ магистранттары мен докторанттарының мейіргер ісі саласындағы диссертациялық зерттеулерінің таныстырылымы болды. Шетелдік қонаққа мейіргерлік тәжірибе мен білім беруді дамыту мәселелеріне арналған өзекті ғылыми жобалар ұсынылды.
Үш күндік сапар мейіргерлік білім беруді дамыту мәселесіне кеңірек көзқараспен қарауға мүмкіндік берді: халықаралық тәсілдер талқыланып, кәсіби тәжірибе алмасу жүзеге асты және екі университет арасындағы ынтымақтастықтың бірлескен білім беру және ғылыми жобаларға ұласуы мүмкін бағыттары айқындалды.