ҚҰРМЕТТІ БАКАЛАВРЛАР МЕН РЕЗИДЕНТТЕР!
2026–2027 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында төмендегі шетелдік жоғары оқу орнына оқуға конкурс жарияланады:
1. Тэгу медициналық колледжі– 4 орын.
Оқу мерзімі: 10 күн.
2026 жылғы 14–23 желтоқсан
Бағыттар:
1. Физикалық медицина және оңалту (ересектер мен балалар) — резидентура — 2 орын;
2. Кинезитерапия (ересектер мен балалар) — бакалавриат — 1 орын;
3. Эрготерапия (ересектер мен балалар) — бакалавриат — 1 орын.
Ішінара қаржыландыру: екі бағыттағы әуе билеттері, тұру, оқу ақысы Университет қаражаты есебінен төленеді. Тамақтану шығындары білім алушының өз қаражаты есебінен төленеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі : 28.09.2026 – 05.10.2026
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Академиялық қарыздарының болмауы;
2. Тәртіптік жазалардың болмауы;
3. GPA көрсеткіші — кемінде 3,2 ; академиялық ұтқырлық бағдарламасына қайта өтініш беретін үміткерлер үшін — кемінде 3,6;
4. Халықаралық және республикалық олимпиадаларда немесе конференцияларда жүлделі орындардың болуы құпталады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. CV / түйіндеме;
2. Motivation Letter / уәждемелік хат;
3. Recommendation Letter / Кафедра меңгерушісі қол қойған ұсынымдық хат
4. 3 × 4 см көлеміндегі 2 фотосурет;
5. Паспорт копиясы;
6. Транскрипттер: бакалавриат, интернатура және резидентура бойынша диплом қосымшалары копиясы;
7. Өтініш. Өтініш нысаны қосымшада ұсынылған. Құжаттарды тапсырар алдында өтінішке Резидентура және клиникалық жұмыс бөлімінің басшысынан қол қою қажет. Мекенжайы: Абай көшесі, 47, 716 немесе 717-кабинет.
Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады
Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 49А, бас ғимарат, 414-кабинет
Академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестіруші: Барысов Әлрахман Мұратұлы
Кеңес беру және құжаттарды қабылдау уақыты: сағат 16:00-ден 17:20-ға дейін
Конкурстың өткізілу күні: қосымша хабарланады.