Конкурс 3-курс бакалаврлары мен 2-курс резиденттері арасында өткізіледі

Конкурс 3-курс бакалаврлары мен 2-курс резиденттері арасында өткізіледі

Конкурс 3-курс бакалаврлары мен 2-курс резиденттері арасында өткізіледі

ҚҰРМЕТТІ БАКАЛАВРЛАР МЕН РЕЗИДЕНТТЕР!

2026–2027 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында төмендегі шетелдік жоғары оқу орнына оқуға конкурс жарияланады:

1.     Тэгу медициналық колледжі– 4 орын.

Оқу мерзімі: 10 күн.

2026 жылғы 14–23 желтоқсан

Бағыттар:

 1.     Физикалық медицина және оңалту (ересектер мен балалар) — резидентура — 2 орын;

2.     Кинезитерапия (ересектер мен балалар) — бакалавриат — 1 орын;

3.     Эрготерапия (ересектер мен балалар) — бакалавриат — 1 орын.

 

Ішінара қаржыландыру: екі бағыттағы әуе билеттері, тұру, оқу ақысы Университет қаражаты есебінен төленеді. Тамақтану шығындары білім алушының өз қаражаты есебінен төленеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі : 28.09.2026 – 05.10.2026

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1.     Академиялық қарыздарының болмауы;

2.     Тәртіптік жазалардың болмауы;

3.     GPA көрсеткіші — кемінде 3,2 ; академиялық ұтқырлық бағдарламасына қайта өтініш беретін үміткерлер үшін — кемінде 3,6;

4.     Халықаралық және республикалық олимпиадаларда немесе конференцияларда жүлделі орындардың болуы құпталады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. CV / түйіндеме;

2. Motivation Letter / уәждемелік хат;

3. Recommendation Letter / Кафедра меңгерушісі қол қойған ұсынымдық хат

4. 3 × 4 см көлеміндегі 2 фотосурет;

5. Паспорт копиясы;

6. Транскрипттер: бакалавриат, интернатура және резидентура бойынша диплом қосымшалары копиясы;

7. Өтініш. Өтініш нысаны қосымшада ұсынылған. Құжаттарды тапсырар алдында өтінішке Резидентура және клиникалық жұмыс бөлімінің басшысынан қол қою қажет. Мекенжайы: Абай көшесі, 47, 716 немесе 717-кабинет.

 Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады

 Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 49А, бас ғимарат, 414-кабинет
Академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестіруші: Барысов Әлрахман Мұратұлы
Кеңес беру және құжаттарды қабылдау уақыты: сағат 16:00-ден 17:20-ға дейін
Конкурстың өткізілу күні: қосымша хабарланады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика