Астана медицина университетінің Жүрек ырғағы ғылыми-зерттеу институтында Дүниежүзілік жүрек күні аталып өтті

29 қыркүйек, Дүниежүзілік жүрек күніне орай, Жүрек ырғағы ғылыми-зерттеу институтында профилактикалық акция өтті. Кардиолог дәрігерлер мен «Кардиология» мамандығының резиденттері МУА-ның 48 қызметкеріне кардио-чекап жүргізді.

Тексеру барысында:

 ЭКГ және ЭхоКГ;
 артериялық қан қысымы мен пульсті өлшеу;
 пульсоксиметрия;
 кардиологтың кеңесі;
 жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі қауіп факторларын бағалау жүргізілді.

Кардиолог резиденттер үшін акцияға қатысу тәжірибелі мамандармен бірге жұмыс істеуге, пациенттермен тікелей қарым-қатынас жасауға, тексеру жүргізуге және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді.

Жүрек денсаулығы көбіне қарапайым әдеттерден басталады: артериялық қан қысымын бақылау, холестерин деңгейін қадағалау, дене белсенділігін сақтау, алаңдататын белгілерді елемеу және профилактикалық тексеруден уақытылы өту.

Жүрек ырғағы ғылыми-зерттеу институты. Жүрек саулығына бірге қамқор болайық!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика