Жасанды интеллект дәуіріндегі медициналық университет

Жасанды интеллект дәуіріндегі медициналық университет

Жасанды интеллект дәуіріндегі медициналық университет
Жасанды интеллекттің медициналық білім беруге, ғылыми зерттеулерге және клиникалық практикаға әсері жөніндегі халықаралық тәжірибесімен Вивиан С. Ли, медицина ғылымдарының докторы, философия докторы (PhD), іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) бөлісті. Кездесуге сондай-ақ Ұлыбритания, Катар және Түркиядағы ұлттық цифрлық денсаулық сақтау стратегияларын әзірлеу тәжірибесі бар халықаралық сарапшы Махмуд Адиль және MedHub «Health AI Quality» компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Қожалы Тоғжан Бақытжанқызы қатысты. Сарапшылар МУА басшылығымен, факультет жетекшілерімен және негізгі құрылымдық бөлімшелер басшыларымен кездесті.

Сарапшыларға МУА-ның 2030 жылға дейінгі трансформациясының стратегиялық басымдықтары мен негізгі бастамалары таныстырылды. Кездесу барысында цифрландырудың жекелеген бастамаларынан жасанды интеллектті жүйелі түрде пайдалануға көшу үшін университетке қажетті басым стратегиялық шешімдер, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары талқыланды.
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика