Денсаулыққа қамқорлық біз өмір сүретін ортаға қамқорлықтан басталады.

Денсаулыққа қамқорлық біз өмір сүретін ортаға қамқорлықтан басталады.

Денсаулыққа қамқорлық біз өмір сүретін ортаға қамқорлықтан басталады.
Астана медицина университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілік өтті. Қатысушылар бірлесе отырып, университет аумағын тазалап, оны көркейте түсті.

Болашақ медицина қызметкерлері үшін қоршаған ортаға ұқыпты қарау — адамға қамқорлық жасау мәдениетінің бір бөлігі. Таза ауа, күтіп ұсталған аулалар және қалдықтарға жауапкершілікпен қарау әрқайсымыздың денсаулығымыз үшін маңызды.

Сенбілікке қатысқан баршаңызға алғыс айтамыз! Тазалыққа қамқорлық жасау күнделікті әдетімізге айналсын.
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика