Астана медицина университеті Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті болып қайта аталды.
Астана медицина университеті Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 498 бұйрығымен Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі берілді. Жоғары оқу орнының жаңа ресми атауы — «Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Құжатқа Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қол қойды. Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Университеттің қазақ тіліндегі атауы — «Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті».
Ағылшын тіліндегі атауы — «National Medical University named after Toregeldy Sharmanov».
Ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы — «Sharmanov National Medical University».
Оқытушыларды, қызметкерлерді, білім алушылар мен түлектерді университет тарихындағы маңызды оқиғамен құттықтаймыз!
Бұл атау университет тарихының жаңа парағын ашады. Университет қауымдастығы үшін көрнекті ғалым әрі дәрігер Төрегелді Шармановтың есімі медицина кадрларын даярлау, ғылымды дамыту және адам денсаулығына қызмет ету жолындағы бағдарға айналады