Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды «Visiting Professor» бағдарламасы аясында шақырылған шетелдік маман Максимова Надежда Викторовнаның жетекшілігімен өтетін дәрістер мен шеберлік сабақтарына қатысуға шақырады.
Надежда Викторовна - Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медицина университетінің эндокринология және диабетология кафедрасының доценті, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президенті Іс басқармасының Орталық мемлекеттік медицина академиясының дене шынықтыру және оңалту медицинасы кафедрасының доценті.
Надежда Викторовна эндокринология, травматология және ортопедия, подиатрия, дерматология және оңалту мәселелеріне арналған бүкілресейлік конференциялардың баяндамашысы болып табылады. Ол ресейлік және шетелдік мерзімді басылымдарда жарияланған 50 ғылыми еңбектің, сондай-ақ «Эндокринологиядағы эпонимдік синдромдар» кітабының бірлескен авторы. Сонымен қатар «Диабеттік табан синдромын дің жасушаларымен емдеу тәсілі» атты өнертабысқа берілген патенттің бірлескен авторы.
Тақырыбы: «Диабеттік табан»
Өтетін күні: 2026 жылғы 2–6 қараша (уақыты қосымша хабарланады)
Оқыту тілі: орыс тілі
Мақсатты аудитория: Университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 53, коворкинг
WhatsApp тобына мына сілтеме арқылы қосылуға болады:
https://chat.whatsapp.com/GwW979flVDS8ICxfpN7ll7
Қатысу үшін 2026 жылғы 26 қазанға дейін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет:
https://forms.gle/MJiwNX1KvH7tbGoe7.