Татьяна Таркинаға «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді

Татьяна Таркинаға «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді

Татьяна Таркинаға «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді
Медицина ғылымдарының докторы, дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының профессор Татьяна Викторовна Таркина «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағына ие болды. Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы оған құрметті төсбелгіні табыстады. Татьяна Викторовнаның кәсіби жолы университетімізбен тығыз байланысты. 1992 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітіріп, кейін дерматовенерология мамандығы бойынша клиникалық ординатурадан өтті. 1994 жылдан бері өзі білім алған оқу орнында оқытушылық қызметті клиникалық практикамен және ғылыми зерттеулермен ұштастырып келеді. Оның қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі — дәрігерлерді даярлау. 2003 жылдан бастап Татьяна Викторовна дерматовенерология, балалар дерматовенерологиясы және дерматокосметология бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастырып, оларға жетекшілік етеді. Оның ғылыми жетекшілігімен магистрлік диссертациялар, ал ғылыми кеңесшілігімен PhD докторлық диссертация қорғалды. Татьяна Таркинаның ғылыми қызығушылықтары псориаз, акне және розацеаны емдеу әдістерін жетілдіруге бағытталған. Ол 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, клиникалық ұсынымдар мен дерматовенерология бойынша қосымша білім берудің мемлекеттік стандартын әзірлеуге қатысқан. Оның сарапшылық қызметі ғылыми білімді күнделікті дәрігерлік тәжірибеде қолдануға ықпал етеді. Татьяна Викторовна елорданың медициналық ұйымдарында пациенттерге, соның ішінде балаларға консультация береді, күрделі клиникалық жағдайларды талдауда әріптестеріне көмектеседі. Оның кәсіби еңбектерінің қатарында Қазақстан дерматовенерологтары мен дерматокосметологтары қауымдастығын құруға және мамандарға арналған ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуы бар. Университет ұжымы Татьяна Викторовнаны еңбегінің мемлекеттік деңгейде жоғары бағалануымен құттықтайды! Зор денсаулық, амандық, пациенттерді емдеуде, ғылыми жұмыста және болашақ дәрігерлерді даярлауда табыс тілейміз!
Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика