Осы жылдар ішінде университеттің атауы да, маңдайшасы да, дипломдардағы жазуы да өзгерді. Мұнда «мен бұл емтиханды ешқашан тапсыра алмаймын» деген сөз қаншама рет айтылды. Бірақ тапсырды. Диплом алды, алғашқы кезекшілікке шықты, кейін оқытушы болып оралды.
Әр буынның өз ұстаздары, сүйікті орындары, қиын пәндері және курстастарымен кездескен сайын еске алатын оқиғалары бар.
Университетті өз шаңырағындай көретін барша жанды 62 жылдық мерейтоймен құттықтаймыз!