Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде Республика күні атап өтілді.

Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде Республика күні атап өтілді.

Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде Республика күні атап өтілді.
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Сабырұлы Ибраев құттықтау сөз сөйледі.

Мерекеге орай университет пен Қазақстанның беделін арттыруға қосқан үлесі үшін студенттерге 120-дан астам грамота табысталды. Марапатталғандар қатарында халықаралық олимпиадаларға, конференциялар мен жарыстарға қатысып, университет пен еліміздің атынан өнер көрсеткен білім алушылар бар.

Бұл жетістіктердің артында білім, табанды дайындық және ғылымда, оқуда, спортта өзін танытуға деген ұмтылыс жатыр. Студенттеріміз өз нәтижелерімен университеттің танымалдығын арттырып, Қазақстанның беделін нығайтуға үлес қосып келеді.

Студенттерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Табандылықтарыңыз үшін алғыс айтып, жаңа жетістіктер тілейміз!
#RepublicDayKazakhstan, #Республикакүні
Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика