Диагностикадан ем таңдауға дейін: университетте муковисцидоз бойынша семинар өтті

Диагностикадан ем таңдауға дейін: университетте муковисцидоз бойынша семинар өтті

Диагностикадан ем таңдауға дейін: университетте муковисцидоз бойынша семинар өтті

Муковисцидозы бар пациенттің диагностикалық маршрутын құру, генетикалық зерттеулердің нәтижелерін клиникалық шешімдерге кіріктіру және дербестендірілген емді таңдау. Осы міндеттер 19–23 қазан аралығында Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде өткен білім беру семинарының негізін құрады.

№3 ішкі аурулар кафедрасының базасында дәрістер мен практикалық сабақтар циклін шақырылған профессор Елена Львовна Амелина - Ресей ФМБА Пульмонология ғылыми-зерттеу институтының муковисцидоз зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Еуропалық муковисцидоз қоғамының (ECFS) сарапшысы өткізді. «CFTR-модуляторлар дәуіріндегі муковисцидоз: диагностика және дербестендірілген емдеу схемалары» семинарына университет оқытушылары, резиденттер, интерндер және Астана қаласының пульмонолог дәрігерлері қатысты.

Негізгі назар білімді клиникалық практикада қолдануға аударылды. Нақты клиникалық жағдайлар негізінде тыңдаушылар пациентті тексеру ретін талдап, генетикалық қорытындыларды түсіндіруді және емдеу схемасын таңдауды негіздеуді үйренді. Талқылау барысында аурудың көріністері мен ағымының ерекшеліктері, асқынулары және әртүрлі жастағы пациенттерді бақылау тәсілдері қарастырылды.

Заманауи CFTR-модуляторларға және емдеудің дербестендірілген тәсіліне ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар ем таңдауда және динамикалық бақылау жоспарын құруда диагностика нәтижелері мен пациенттің жеке ерекшеліктерін ескеру жолдарын қарастырды.

Резиденттер мен интерндер үшін сабақтар теориялық білімді клиникалық шешім қабылдаумен ұштастыруға мүмкіндік берді. Практик дәрігерлер мен оқытушылар шақырылған сарапшымен күрделі жағдайларды талқылап, пациенттермен жұмыс істеуде және болашақ мамандарды даярлауда қолдануға болатын тәсілдерді нақтылады.

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика