«Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті» КеАҚ-та Ресей Федерациясынан шақырылған шетелдік маман Надежда Викторовна Максимованың қатысуымен «Диабеттік табан: клиникалық шешімдерден практикаға» атты дәрістер мен шеберлік сабақтарының циклі басталды.
Шетелдік маманды шақыруға және осы білім беру циклін ұйымдастыруға № 1 отбасылық медицина кафедрасы бастамашы болды.
Visiting Professor бағдарламасы аясында қатысушылар диабеттік табан синдромы бар пациенттерге көмек көрсетудің заманауи тәсілдерін, сондай-ақ клиникалық практикада қолданылатын емдеу және оңалту әдістерін қарастырады.
Надежда Викторовна Максимова — Н. И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медицина университетінің эндокринология және диабетология кафедрасының және Ресей Федерациясы Президенті Іс басқармасының Орталық мемлекеттік медицина академиясының физикалық және оңалту медицинасы кафедрасының доценті.
Сарапшы эндокринология, травматология және ортопедия, подиатрия, дерматология және оңалту мәселелеріне арналған бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама жасайды. Надежда Викторовна — 50 ғылыми жарияланымның, «Эндокринологиядағы эпонимдік синдромдар» кітабының, сондай-ақ «Диабеттік табан синдромын дің жасушаларымен емдеу тәсілі» өнертабыс патентінің бірлескен авторы.
Дәрістер мен шеберлік сабақтарының циклі 2026 жылғы 2–6 қараша аралығында өтеді. Бағдарлама кәсіби тәжірибе алмасуға, клиникалық құзыреттерді жетілдіруге және диабеттік табан синдромы бар пациенттерді жүргізудің заманауи тәсілдерін енгізуге бағытталған.