Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің резиденттері анестезиология және қарқынды терапия саласындағы әзербайжандық мамандардың жұмыс тәжірибесімен танысып, ауыр халдегі пациенттерді емдеудің заманауи тәсілдерін меңгерді және шетелдік әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасты.
2026 жылғы 17–31 қазан аралығында «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша екінші оқу жылының резиденттері Асылзат Басарова (2-023R тобы) мен Томирис Сыздықова (2-022R тобы) Әзербайжанның Баку қаласында халықаралық клиникалық тағылымдамадан өтті.
Практикалық даярлық резиденттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әзербайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің А. Әлиев атындағы Дәрігерлердің білімін жетілдіру мемлекеттік институтының қолдауымен Baku Sağlamlıq Mərkəzi (Баку денсаулық орталығы) базасында ұйымдастырылды.
Тағылымдама барысында резиденттер анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен, ауыр халдегі пациенттерді емдеу тәсілдерімен, сондай-ақ заманауи мониторинг және қарқынды емдеу әдістерімен танысты.
Әзербайжандық мамандардың практикалық тәжірибесін зерделеуге, пациенттерді клиникалық бақылауға, кәсіби талқылауларға қатысуға және анестезиология мен қарқынды терапия саласындағы білім алмасуға ерекше назар аударылды.
Халықаралық тағылымдама резиденттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, басқа елдің денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс ерекшеліктерімен танысуға және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары медициналық білім беру сапасын арттыруда, жас мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуда және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарады.