Университет резиденттері Әзербайжанда клиникалық тағылымдамадан өтті

Университет резиденттері Әзербайжанда клиникалық тағылымдамадан өтті

Университет резиденттері Әзербайжанда клиникалық тағылымдамадан өтті

2026 жылғы 17–31 қазан аралығында Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің резиденттері халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Баку қаласындағы Ә. Әлиев атындағы Әзербайжан мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтында клиникалық тағылымдамадан өтті.

Екі апта бойы резиденттер қабылдаушы мекеменің клиникалық жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысып, ауруларды диагностикалау және емдеу тәсілдерін зерделеді, сондай-ақ әзербайжандық әріптестерімен кәсіби білім және тәжірибе алмасты.

Тағылымдама қатысушыларға өз мамандықтары бойынша білімдерін тереңдетуге, шетелдік клиникалық тәжірибемен танысуға және халықаралық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика