2026 жылғы 16 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде салауатты өмір салты айлығы өтеді.

Бағдарлама төрт тақырыптық аптаны қамтиды:

 дене белсенділігі;
 дұрыс тамақтану;
 салауатты ұйқы және қалпына келу;
 психоэмоциялық әл-ауқат.

Қатысуға студенттік топтар, кафедралар және құрылымдық бөлімшелер шақырылады. Күнделікті тапсырмаларды орындап, нәтижелерді тіркеңіздер және әр аптаның қорытындысы бойынша бірыңғай есеп жүктеңіздер.

 Жеңімпаздар әр санат бойынша апта сайын анықталып, дене құрамын бағалауды қамтитын профилактикалық чек-аптан өтуге және нутрициолог кеңесін алуға арналған сертификаттарға ие болады.

Ұйымдастырушы: академик Е. Д. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ҒЗИ.
 Байланыс нөмірі: 8 701 619 58 59.

#СӨСайлығы #СалауаттыӨмірСалты #ҰМУ #СалауаттыУниверситет #ПрофилактикалықМедицина
Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика