17 қараша — Халықаралық студенттер күніне орай Sharmanov University-де студенттік еркіндікке РЕСМИ ТҮРДЕ РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ!

Болашақ дәрігерлер, пижамаларыңыз бен кәстрөлдеріңізді дайындап, барынша байсалды кейіпке еніңіздер. Студенттер күні аздап еркелеуге ресми түрде рұқсат береміз!

Дресс-кодсыз күн

Теориялық сабақтарға пижамамен, сүйікті кейіпкеріңіздің образында немесе ең күлкілі киіміңізбен келуге болады. Топтастарыңыз бұл образыңызды ұмытпасын!

Зертханалар мен клиникада киімге қойылатын талаптар сақталады.

Сөмкесіз және рюкзаксыз күн

Қажетті заттарыңызды кәстрөлге, қорапқа, түйіншекке немесе шелекке салып әкеліңіздер. Конспект нан салғышта ма? Оқулық себетте ме? Бүгін бәріне болады! Бастысы — жолда ештеңені жоғалтып алмаңыздар.

Фотоаймақ

Ректор кабинеті — 16:00-ден бастап.

Декандар кабинеттері — 8:00-ден 16:00-ге дейін.

Суретке түсуге келіңіздер! Көптен күткен бұйрықтың жобасын да ала келуге болады. Мысалы: «Дүйсенбі сейсенбіден басталсын».

Сабақ — кесте бойынша. Көңіл күй — кестеден тыс!

Суретке түсіп, әлеуметтік желілерге жариялаймыз, мемдер ойлап тауып, көңіл көтереміз!

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика