Sharmanov University резиденттері Самарқандта клиникалық тағылымдамадан өтті

Sharmanov University резиденттері Самарқандта клиникалық тағылымдамадан өтті

Sharmanov University резиденттері Самарқандта клиникалық тағылымдамадан өтті

Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің резиденттері клиникалық тағылымдама барысында Өзбекстандағы бейінді бөлімшелердің жұмысымен, диагностика және емдеу тәсілдерімен танысты.

2026 жылғы 31 қазан мен 14 қараша аралығында болашақ неврологтер, радиологтер, эндокринологтер, жалпы хирургтер және дерматовенерологтер Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің базасында тағылымдамадан өтті. Сапар халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Резиденттер өзбекстандық мамандармен бірге кәсіби талқылауларға қатысып, клиникалық тәжірибеге қатысты мәселелерді қарастырды және білім алмасты. Бөлімшелердегі жұмыс шетелдік әріптестердің диагностикалық және емдеу шешімдерін қалай қабылдайтынын бақылауға, олардың тәжірибесін оқу барысында меңгерген тәсілдермен салыстыруға мүмкіндік берді.

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика