Университеттердің тұрақты даму, экологиялық жауапкершілік, әлеуметтік ықпал және басқару салаларындағы қызметін бағалайтын QS Sustainability Rankings 2027 халықаралық рейтингінің нәтижелері жарияланды. Биылғы рейтингке Қазақстанның 24 жоғары оқу орны енді.
2027 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Торегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті әлем университеттері арасында 1501+ тобына енді.
Айта кету керек, университет QS Sustainability Rankings 2026 рейтингіндегі нәтижесімен салыстырғанда өз позициясын сақтап қалды. Өткен жылы да университет 1501+ тобына енген болатын. Ал 2024–2025 жылдары университет рейтингке қатысқанымен, рейтингтік позицияға ие болмаған.
Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары арасында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті де 1501+ тобына орналасты.
Университет тұрақты даму тәжірибесін жетілдіру және халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайту бойынша жұмыстарды жалғастырады.
https://www.topuniversities.com/sustainability-rankings?search=astana