ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жақ-бет хирургиясы саласындағы стандартты әзірлеуге үлес қосқан Sharmanov University-дің үш маманына алғыс білдірді

Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің үш маманы Қазақстан Республикасының халқына жақ-бет хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын әзірлеуге қатысты. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл құжатты 2026 жылы бекітті.

Университет ректоры Анар Тұрмұхамбетоваға жолдаған хатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі М. Рамазанов әріптестерімізге жоғары кәсіби біліктілігі және стандартты әзірлеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Хатта мына мамандардың еңбегі аталды:

  • Алмагүл Уахитқызы Замураева — ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының профессоры.
  • Төлеу Ванцетұлы Жақанов — профессор Г. В. Цой атындағы хирургия ғылыми-білім беру орталығының оқытушысы.
  • Айжан Бахтжанқызы Егизбекова (Кульмирзаева) — ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі.

Вице-министр әріптестеріміздің Қазақстанда балаларға көрсетілетін жақ-бет хирургиялық көмекті жетілдіруге қосқан үлесін ерекше атап өтті. Олардың кәсіби білімі, практикалық тәжірибесі және өзге мамандармен бірлесе атқарған жұмысы осы бағыттағы көмекті дамытуға септігін тигізді.

Әріптестерімізді еңбектерінің жоғары бағалануымен құттықтаймыз! Олардың білімі мен тәжірибесі еліміздегі балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жақсартуға ықпал етіп отырғанын мақтан тұтамыз.

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика