Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медициналық университетінде Халықаралық студенттер күні атап өтілді. Университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген студенттерге грамоталар мен алғыс хаттар табысталды. Салтанатты жиында KITAP QUIZ сайысында бірінші орын алған университет командасын да құттықтады. Жеңімпаздарға 150 000 теңгелік сертификат табысталды.
Зияткерлік сайыс «JASTAR JALYNY – 2026» қалалық жастар шығармашылық фестивалінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өтті.
Кештің ең жарқын сәттерінің бірі — MHR командасының «Дәрігердің бір күні» атты би қойылымы. Студенттер дәрігердің бір күнін би тілімен бейнелеп, көрермендердің қошеметіне бөленді!
Sharmanov University-дің барлық студентін мерекемен құттықтаймыз! Баршаңызға алғыс айтамыз!