Бес команда, бес тақырып, әр баяндамаға бес минут. Астанада «Антибиотиктер кәмпит емес» атты ғылыми-практикалық конференция осындай форматта өтті. Қатысушылар жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен жіті бронхит кезінде емдеу тәсілін таңдауды талқылады. Сондай-ақ Қазақстандағы пневмония қоздырғыштарының антибиотиктерге төзімділігі туралы деректерді қарастырды.
Конференцияны Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы Республикалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығында өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының микробқа қарсы препараттарға төзімділік туралы хабардарлықты арттыру апталығы аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге соңғы бір жылда алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлер арасында ең көп пікірталас тудырған тақырыптар таңдалды. Қысқа баяндамалардан кейін қатысушылар ғылыми деректерге сүйене отырып, нақты клиникалық жағдайда антибиотик тағайындау туралы шешімді қалай негіздеуге болатынын талқылады.
Ұйымдастырушылар командалар мен баяндамашыларға мазмұнды баяндамалары үшін және әріптестерімен тәжірибе бөліскені үшін алғыс айтты.