Дәрігер Азамат Естаев Sharmanov University студенттеріне оңалту нәтижесін қалай бағалау керектігін көрсетті.

Дәрігер Азамат Естаев Sharmanov University студенттеріне оңалту нәтижесін қалай бағалау керектігін көрсетті.

Дәрігер Азамат Естаев Sharmanov University студенттеріне оңалту нәтижесін қалай бағалау керектігін көрсетті.
Пациенттің алғашқы шағымдарынан бастап емдеуді әрі қарай қалай жалғастыру керектігі туралы шешім қабылдауға дейін — Sharmanov University студенттері бір клиникалық жағдайдың мысалында осындай жолдан өтті. Спорттық медицина және оңалту дәрігері Азамат Естаев тізе жарақатынан кейінгі пациенттің қимыл-қозғалысын қалай бағалайтынын, жаттығуларды қалай таңдайтынын және буынның қозғалғыштығы мен ауырсыну қарқындылығының өзгерген-өзгермегенін қалай тексеретінін көрсетті.
Азамат Естаев Германияда кәсіби тағылымдамадан өтіп, Maitland, Mulligan және Kaltenborn–Evjenth халықаралық физикалық және мануалды терапия тұжырымдамалары бойынша сертификат алған.
Дәріс Мейіргер ісі мектебінің «Кинезитерапия» және «Эрготерапия» білім беру бағдарламаларының барлық курс студенттерін біріктірді.
Талдаудың негізіне Assessment – Treatment – Reassessment («Бағалау — емдеу — қайта бағалау») қағидаты алынды. Жұмыс пациенттің шағымдарын тыңдаудан басталды. Бұл кезеңде дәрігер ауырсынудың сипатын нақтылау, оның қандай жүктеме кезінде пайда болатынын, қаншалықты тез басылатынын және жарақат алған сәттен бастап симптомдардың қалай өзгергенін анықтау үшін SINSS моделін қолданады.
Одан кейін Азамат Естаев тізе буынын мобилизациялау техникалары мен емдік жаттығуларды таңдау жолдарын талдады. Дәрістің қорытынды бөлімі қайта тексеруге арналды. Спикер сабақ басында пациентке қиындық туғызған қозғалыстарды қалай салыстыратынын және оң өзгерістерді ескере отырып, оңалту бағдарламасын қалай түзететінін көрсетті.





Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика