Микробқа қарсы тұрақтылыққа арналған постерлік баяндамалар байқауының жеңімпаздары

Микробқа қарсы тұрақтылыққа арналған постерлік баяндамалар байқауының жеңімпаздары

Микробқа қарсы тұрақтылыққа арналған постерлік баяндамалар байқауының жеңімпаздары
2026 жылғы 19 қарашада Т. Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде «Микробқа қарсы тұрақтылық – денсаулық сақтау саласына төнген сын-қатерлер» атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында постерлік баяндамалар байқауы өтті.
Іс-шара қазіргі денсаулық сақтау саласының ең өзекті мәселелерінің бірі – микробқа қарсы тұрақтылықтың таралуына арналған ғылыми зерттеулерін ұсынған Медицина мектебі мен Педиатрия мектебінің студенттерін біріктірді.
Қатысушыларға Ш. И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Марат Өтеуұлы Дусмағамбетов ақ жол тілеп, болашақ дәрігерлердің ғылыми-зерттеу қызметі мен кәсіби дамуының маңыздылығын атап өтті.
Қатысушылар антибиотикке төзімділік механизмдерін, микроорганизмдердің төзімді штаммдарының таралуын, иммундық жауап ерекшеліктерін, эпидемиологиялық қадағалауды, инфекциялардың алдын алуды және микробқа қарсы терапияның перспективалы әдістерін қамтитын зерттеулерін ұсынды.
Ғылыми жұмыстарды сараптамалық комиссия бағалап, нәтижесінде байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
I орын – Рысқалиев Нұрсұлтан Баймырзаұлы «Клиникалық изоляттардың биоқабықша түзу қабілеті және антибиотикорезистенттілігі» ғылыми жұмысымен. Ғылыми жетекшісі – Асемова Гүлжан Данкибековна.
II орынды екі ғылыми жұмыс бөлісті:
  • Жандарбек Назым Маратқызы, Қойлыбайқызы Мерей, Нариман Ділнәз Әділқызы, Турыскалиева Анель Ерболқызы – «2021–2025 жылдардағы Staphylococcus aureus антибиотикке төзімділігін ретроспективті талдау» («Ретроспективный анализ антибиотикорезистентности Staphylococcus aureus за 2021–2025 гг.»). Ғылыми жетекшісі – Дусмағамбетов Марат Өтеуұлы.
  • Абдуллаева Алияхан Насруллақызы – «Фотодинамикалық микробқа қарсы терапия антибиотикке төзімділікпен күресудің перспективалы тәсілі ретінде» («Фотодинамическая антимикробная терапия как перспективный подход к борьбе с антибиотикорезистентностью»). Ғылыми жетекшісі – Акимбекова Эльмира Муханмадиевна.
III орын үш ғылыми жұмысқа берілді:
  • Исмаилова Алмагүл, Абдирова Анель – «Микробқа қарсы тұрақтылық: кішкентай бактериялар – үлкен мәселе» («Антимикробная резистентность: маленькие бактерии – большая проблема»). Ғылыми жетекшісі – Дусмағамбетова Айгүл Мұқатовна.
  • Еркін Кәусар Еркінқызы, Айдарбек Инабат Ардаққызы, Сатжанова Аружан Адаевна – «Көпбейінді ауруханада Acinetobacter baumannii штаммдарының таралу динамикасы мен антибиотиктерге төзімділігі (2021–2025 жж.)». Ғылыми жетекшісі – Сутимбекова Назгүл Сеитбековна.
  • Слямканова Ұлжан Мақсатқызы, Бериккул Бектөре Мұратұлы, Кабыланбек Аяулым Біржанқызы, Ратбек Нұрхат Нұрбекұлы – «Immune mechanisms in sepsis caused by MDR (Multi-Drug Resistant) bacteria: cytokine storm, and effective therapies». Ғылыми жетекшісі – Мухашева Назым Еркиновна.
Байқаудың қалған қатысушылары да ұсынған ғылыми жұмыстары үшін арнайы номинациялар бойынша марапаттарға ие болды.
Жеңімпаздарды, жүлдегерлерді және олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа ғылыми жетістіктер мен кәсіби өсу тілейміз!




Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика