Дәрігер мамандығындағы руханият пен көшбасшылық

Дәрігер мамандығындағы руханият пен көшбасшылық

Дәрігер мамандығындағы руханият пен көшбасшылық

2026 жылғы 19 қарашада Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде «Руханият және көшбасшылық» тақырыбында дәріс өтті.

Студенттер алдында медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Төлебай Қосиябекұлы Рақыпбеков сөз сөйледі. Ол — Жапонияда PhD дәрежесін алған ғалым, Симанэ университетінің профессоры, Үндістандағы Манав Бхарти университетінің шақырылған профессоры және Канададағы Erickson College оқу орнының сертификатталған NLP шебер-практигі.

Кездесу рухани құндылықтар, адамгершілік жауапкершілік және кәсіби әрі күнделікті өмірдегі көшбасшылық мәселелеріне арналды. Дәріскер моральдық ұстанымдар мен ізгіліктің маңызына тоқталып, салмақты шешім қабылдау және оның салдарына жауап бере білу қажеттігі туралы айтты.

Бұл тақырып болашақ дәрігерлердің ерекше қызығушылығын тудырды. Өйткені медицина мамандығы терең білім мен тәжірибелік дағдыларды ғана емес, адамға құрметпен қарауды, жанашырлықты, рухани кемелдікті және күрделі жағдайларда дұрыс әрекет ете білуді талап етеді.

Кездесу барысында студенттер денсаулық сақтау саласындағы заманауи көшбасшы қандай болуы керектігін, этикалық қағидаттарға адалдықты қалай сақтауға болатынын және рухани құндылықтардың дәрігер жұмысында неліктен маңызды тірек саналатынын талқылады.








Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика