Мейіргерлік күтім неонатология мен педиатрияда: Төрегелді Шарманов атындағы ҰМУ оқытушылары халықаралық конференцияда

Мейіргерлік күтім неонатология мен педиатрияда: Төрегелді Шарманов атындағы ҰМУ оқытушылары халықаралық конференцияда

Мейіргерлік күтім неонатология мен педиатрияда: Төрегелді Шарманов атындағы ҰМУ оқытушылары халықаралық конференцияда
2026 жылдың 25–26 қарашасында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Шала туылған балалардың дүниежүзілік күніне арналған «Кішкентай балалар – үлкен мүмкіндік: алғашқы тыныс алудан сау болашаққа» ұранымен Халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан, АҚШ, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдерден жетекші мамандар, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. «Неонатология мен педиатриядағы мейіргер ісі: өмірдің алғашқы минуттарынан отбасын қолдауға дейін» мейіргерлік секциясы аясында шала туылған балаларды күтіп бағу, пациенттер қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, дәлелге негізделген практика және отбасын қолдау мәселелері талқыланды.

«Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті» КеАҚ мейіргер ісі кафедрасының өкілдері секция жұмысына белсенді қатысты. Кафедра меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Салтабаева Ұлбосын Шералиевна «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жағдайында бронх демікпесі бар балаларға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Аға оқытушы, PhD Аймолдина Куролай Жолдыбаевна «Пациенттер қауіпсіздігі мәдениеті сапалы мейіргерлік көмектің негізі ретінде» тақырыбында баяндамамен сөз сөйледі.

Конференцияға қатысу халықаралық әріптестермен кәсіби тәжірибе алмасуға және мейіргерлік көмекті одан әрі дамыту бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді. Ең кішкентай пациенттерге қамқорлық ерекше жауапкершілікті талап етеді, ал мейіргерлік күтімнің сапасы олардың денсаулығы мен болашағын көп жағынан айқындайды.

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика