Мейіргерлік күтім неонатология мен педиатрияда: Төрегелді Шарманов атындағы ҰМУ оқытушылары халықаралық конференцияда
Мейіргерлік күтім неонатология мен педиатрияда: Төрегелді Шарманов атындағы ҰМУ оқытушылары халықаралық конференцияда
Конференция жұмысына Қазақстан, АҚШ, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдерден жетекші мамандар, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. «Неонатология мен педиатриядағы мейіргер ісі: өмірдің алғашқы минуттарынан отбасын қолдауға дейін» мейіргерлік секциясы аясында шала туылған балаларды күтіп бағу, пациенттер қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, дәлелге негізделген практика және отбасын қолдау мәселелері талқыланды.
«Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті» КеАҚ мейіргер ісі кафедрасының өкілдері секция жұмысына белсенді қатысты. Кафедра меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Салтабаева Ұлбосын Шералиевна «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жағдайында бронх демікпесі бар балаларға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Аға оқытушы, PhD Аймолдина Куролай Жолдыбаевна «Пациенттер қауіпсіздігі мәдениеті сапалы мейіргерлік көмектің негізі ретінде» тақырыбында баяндамамен сөз сөйледі.
Конференцияға қатысу халықаралық әріптестермен кәсіби тәжірибе алмасуға және мейіргерлік көмекті одан әрі дамыту бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді. Ең кішкентай пациенттерге қамқорлық ерекше жауапкершілікті талап етеді, ал мейіргерлік күтімнің сапасы олардың денсаулығы мен болашағын көп жағынан айқындайды.