Дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Әжмадинқызы Дербисалинаны «Алтын шипагер - 2021» республикалық байқауындағы «Медициналық университеттің үздік оқытушысы» номинациясындағы жеңісімен құттықтаймыз!
Байқауға денсаулық сақтау және медициналық білім беру саласын дамытуға елеулі үлестерін қосып жатқан беделді дәрігерлер мен оқытушылар қатысты.
Біз Гүлмира Әжмадинқызының жетістігіне шын жүректен қуаныштымыз және оған зор денсаулық, көтеріңкі көңіл, келешекте сәттілік пен басқа да жеңістер тілейміз!
«Медициналық университеттің үздік оқытушысы» номинациясында жеңіс
«Медициналық университеттің үздік оқытушысы» номинациясында жеңіс
