Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне сәйкес «Астана медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының базасында 2021 жылдың
12-16 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласы спорт мектептері жаттықтырушыларымен «Алғашқы медициналық көмекті көрсету» бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр.
Семинар-тренингті әскери кафедраның сертификатталған нұсқаушылары теориялық және практикалық түрде алғашқы медициналық көмекті көрсету бойынша симуляциялық құралдарды қолдана отырып жүргізді. Семинар-тренинг аяқталғаннан кейін белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.