«Ынтымақ-достық кепілі» этнос өкілдері арасындағы онлайн зияткерлік сайыста 1 орын

«Ынтымақ-достық кепілі» этнос өкілдері арасындағы онлайн зияткерлік сайыста 1 орын

«Ынтымақ-достық кепілі» этнос өкілдері арасындағы онлайн зияткерлік сайыста 1 орын

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілі курстары өткізіліп келеді. Аталған курсқа Университеттің 56 оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Әрбір тыңдаушыға 100 сағат бөлінген, курс аптасына үш рет өткізілді. Курс аяқталғаннан кейін қорытынды тестілеу нәтижесінде әрбір тыңдаушыға сертификат берілді. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқытушылар тыңдаушыларды Zoom, Meet.si бағдарламалары арқылы қашықтықтан оқытты. Сабақ 2021 жылғы 21 қаңтар – 20 мамыр аралығында жүргізілді.

Аталған курс аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ынтымақ-достық кепілі» тақырыбында этнос өкілдері арасындағы онлайн зияткерлік сайыста Университеттің Қоғамдық денсаулық және гигиена кафедрасының аға оқытушысы Гудым Елена Борисовна 1-орын алды.

Гудым Елена Борисовна алғысхатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика