2021 жылғы 5 мамырда сағат 15:30-да ZOOM порталы арқылы 2021 жылғы түлектерді медициналық ұйымдарға жұмысқа орналастыру бойынша Солтүстік қазақстан облысы қалалық және аудандық ауруханаларының бас дәрігерлерінің, клиникалық қызмет департаментінің директорының, практика және жұмысқа орналастыру орталығының басшысының қатысуымен онлайн-кездесу өтті. Кездесуге бітіруші курстардың білім алушылары белсенді қатысты.
Келесі мәселелер талқыланды:
- СҚО-да мамандардың қажеттілігі;
- әлеуметтік пакет;
- тұрғын үй беру;
- өңірде жұмысқа орналасу кезінде көтерме ақы төлеу.